Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Атыраудағы армян нөмірлі көліктердің иелері Нұрлан Нығматуллинге үндеу жолдады (видео)

Атырау, Caspian News. Атыраудағы армян нөмірлі көліктердің иелері ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллинге үндеу жолдады.

https://youtu.be/qTdeeGXAYtY

Олар Қазақстан есебінде жоқ көліктеріне қатысты туындаған мәселенің шешімін табуға Мәжіліс Спикері көмектеседі деген үмітте. Айтуларынша, қара қазан, сары баланың қамы үшін шекара асып, арзан көлік тасымалдағанға кінәлі емес. Бар болғаны – «шетелден көлік әкелгендерге қатысты ешқандай шектеудің жоқ» екендігін мәлімдемеген Әкімшілік полиция Комитетінің басқарма басшысы Марат Тұяқбаевтың сөзіне сеніп қалған.

Айтпақшы, атыраулық жүргізушілер өздерінің шағымдарын жоғары лауазымды тұлғалар естір деген үмітпен елордаға да барып қайтқан. Бірақ, әзірге оларға ешкім жауап қата қойған жоқ.

Арзу КАРАШ, Нурлан КАНАТОВ Caspiannews

Оқи отырыңыз...

КҮКІРТТІ СУТЕГІНІҢ 20 ЕСЕ АСҚАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

«СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН САҚТАУ ПАРКІНІҢ» 50 ПАЙЫЗДЫҚ ҮЛЕСІ «АМӨЗ» МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ