Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Мұз үстінде дрифт жасаған көліктерге қатысты қызметтік тексеріс басталды

Атырауда мұз үстінде дрифт жасаған қызметтік көліктерге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Әлеуметтік желіде тарап кеткен мына бейнеролик Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының алдында түсірілген. Түсірілім авторының айтуынша, бұл әкімдікке тиесілі көліктер. Бірақ, олардың мемлекеттік нөмірінің анық көрінбеуі себепті нақты бірдеңе дей қою қиын.

Дегенмен, әкімдік алдында кез-келген темір тұлпар иесінің бұлайша жүргізушілік шеберлігін көрсете алмайтындығын ескерсек, бірдей маркілі, бірдей түсті көліктердің облыстық әкімдіктегі шенеуніктерге тиесілі болуы әбден мүмкін. Көлікте отырып, көктайғақта ойнақ салғандардың әрекетінен облыстық полиция департаментіндегілер тіпті хабарсыз секілді. Олар бұл жайтқа қатысты түсінік беруден мүлде бас тартты. Ал, ақ үйдегілер былай деп қысқа қайырды.

Оқи отырыңыз...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮЛЕКТЕР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

МАҚАТ АУДАНЫНДА ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАР ЕРЕКШЕ КВЕСТ ОЙЫНЫНА ҚАТЫСТЫ