Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

«2 GIS» — АТЫРАУДА

2ГИС ақпарат желісі енді атыраулықтарға да қолжетімді.

Электронды карта жүйесіне қазіргі уақытта қаладағы елу мыңнан аса ғимарат пен тоғыз мыңдай ұйымның мекен-жайы, жұмыс жасайтын уақыты секілді мәліметтер енгізілген. Сонымен қатар, тұтынушылар мобильді қосымша арқылы шаhардағы 23 қоғамдық көліктің қатынауын бақылай алады.

Жүйенің тиімділігі сол – оны пайдалану үшін ғаламторға қосылудың қажеті жоқ. Ақпараттық желіге Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Орал, Шымкент және Ақтау қалалары қосылған. Жобаны Атырауда жүзеге асыру өткен жылдың қараша айында бастаған болатын. Осы уақыт аралығында тугистіктер қаладағы ғимараттар туралы тоқсан пайыз ақпарат жинап үлгеріпті. Алдағы уақытта шаhарды толықтай қамту жоспарланған,-дейді олар.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТТАР ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

2023 ЖЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА 6,4 ТРЛН ТЕҢГЕ ТҮСТІ

Атырау облыстық әкімдігінде – жаңа тағайындау