СІМ мәліметінше, еліміздің Шанхайдағы Бас консульдығы оның туыстарымен байланысқа шыққан, оларға консульдық-құқықтық кеңес берілген, атап айтқанда жергілікті адвокаттар ұсынылған.
«Юлия Ходева тарапынан қамаудағы жағдайына және денсаулығына байланысты шағымы жоқ. Тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін. Дипломаттар мәселені өз бақылауына алды», — деді ол.
Бұған дейін бойжеткеннің анасы Оксана Ходева БАҚ-қа қызы Юлия Қытайда алты жылдан бері жүргенін мәлім еткен болатын. Ол Хуанчжоу қаласындағы Технологиялық университетте оқиды. Оның диплом алуына екі ай ғана уақыт қалған.
