Caspian News, 5 тамыз. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде Wildberries өкілдері ресми мәлімдеме жасады: Компания қоймаларына жасалған шабуылдардан тауары зардап шеккен қазақстандық сатушыларға барлық қолдау мен өтемақы шаралары толық көлемде қолданылады.
💳 Өтемақы төлеу барысы және 2-ші кезең
Төлемдер мен қолдау шаралары маркетплейс жүйесіндегі расталған деректер негізінде жүзеге асырылуда:
-
185 мыңнан астам сатушы екі кезең бойынша тиісті қаражаттарын алып үлгерді.
-
Екінші кезеңде өтемақы алғандардың қатарында алғашқы кезеңде де төлем алып үлгерген сатушылар бар.
-
Компания оқиғаның салдарына толық баға беріп, түгендеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін кейінгі шешімдер мен қосымша төлемдердің тәртібін бекітетінін хабарлады.
📞 Жедел байланыс желісі (горячая линия)
Сатушылармен кері байланысты жеделдету және туындаған сұрақтарға дер кезінде жауап беру мақсатында жақын арада арнайы желі (горячая линия) іске қосылады.
Кәсіпкерлер өтемақы есептеу мен тауарларды түгендеу барысы бойынша барлық сұрақтарын осы жедел желі арқылы қоя алады.
