Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпарат

ТАСТАНДЫ СӘБИДІҢ АНАСЫ ТАБЫЛДЫ

Атырау, Caspian News. Тастанды сәбидің анасы табылды.

https://youtu.be/LZ-vXSuqFsc

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіншек 22 жаста. Көршілес Батыс Қазақстан облысының тумасы. Атырауға жүктілігін жасыру мақсатында келген. Баланы үйінде өзі босанып, далаға тастап кеткен. Қазір осы іс бойынша әйел ҚР Қылмыстық кодексінің «қауіпті жағдайда қалдыру» бабы  бойынша тергелуде.

Еске салып кетейік, шақалақ 16 қаңтар күні Авангард-3 ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің қасындағы жылу құбырының үстінен табылған еді.

Оқи отырыңыз...

Енді Қазақстанда әскери билет талап етілмейді

ИНДЕР АУДАНЫНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 30 ЖАС ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАҒАСЫ БАРРЕЛІНЕ $63,7-ГЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ