Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ТАЛАНТТЫ КҮЙШІ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

Исатайда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияға қарасты Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің әртісі, талантты күйші, республикалық конкустардың лауреаты Санжар Қатаповтың «Дала күмбірі» атты жеке концерті өтті. Күйші өзінің авторлық кешін Исатай ауданының 95, Аққыстау ауылының 55 жылдығына орайластырып ұйымдастырыпты. Концертте Махамбеттің, Құрманғазының, Дәулеткерей мен Динаның, Латиф Хамиди, Қаршыға Ахмедияров, НұрғисаТілендиев, Айтқали Жайымов сынды тұлғалардың шығармалары орындалды. Мәдениет саласының үздіктері Ержан Қитаров пен Сая Жұмашева дирижерлік ететін кеш тыңдарманның көңілінен шықса керек, көпшілік ұжымды сахнадан жібермей қойды.
Толығырақ https://fb.watch/laQDY7TP8p/

Оқи отырыңыз...

ДОССОРДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН 60 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

ҚАЛАНЫҢ БАС СӘУЛЕТШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (видео)