Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«АМӨЗ» ЖШС ЭКС-БАСШЫСЫ Ғ.ЖУСАНБАЕВ ӨЗІНІҢ ЖҰМЫСТАН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫЛҒАНЫН АЙТЫП, ПРОКУРАТУРАҒА АРЫЗ ТҮСІРДІ

 

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ғалымжан Жусанбаев  өзінің жұмыстан заңсыз шығарылғанын айтып, прокуратураға арыз жазды.

Оның сөзіне сүйенсек, ақпанның 18-і күні амбулаторлы түрде ем алыпты. Ал, өзінің жұмыстан шыққаны туралы әлеуметтік желіден білген. Естеріңізге сала кетейік, Ғалымжан Жусанбаев пен оның орынбасары Әділет Шошанбасовты жұмыстан босату туралы шешімді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комиссия мүшелері қабылдаған еді. Ал, директордың орнына уақытша Олег Лызлов тағайындалды.

Ғалымжан Жусанбаев өз арызында мұндай іс-әрекетті заңсыз деп танып, прокуратура өкілдерінен өз құқығын қорғауды талап етіп отыр. «Мені  комиссия отырысына  ешкім шақырған да жоқ. Шешім менің еңбекке уақытша жарамсыз болған кезімде қабылданғандықтан комиссия мен басшылардың іс-әрекеттерін заңсыз деп санаймын»,-делінген арызда.

 

Оқи отырыңыз...

СЕМЬ КАЗАХСТАНЦЕВ ПОСТРАДАЛИ, ДВОЕ ПОГИБЛИ В ДТП

Dry Nonwoven Gold Face Facial Sheet Mask for Skin

CNTV

На трассе в Атырауской области задержана Lada, набитая осетрами