Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

«SMARTQALA»: ДИФТАРИФТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қаладағы қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне көшкеннен бері жолақы кондукторлардың қалтасына емес, қазынаға құйылып жатқанға ұқсайды.

Смарт қала ЖШС өкілдерінің сөзінше, сараланған тариф енгізілгенге дейін автобустар күніне 20 мың жолаушы тасымалдаған. Ал, жаңа жүйе олардың қызметін тәулігіне 100 мың адамның пайдаланатындығын көрсетіп отыр. Ал, 80 мың тұрғынның жолақысының осы уақыт аралығында қайда, кімге кеткендігі белгісіз. Оңды нәтижеге сараланған тарифтің арқасында жетіп отырмыз дейді «Смарт қала»-лықтар. Олар алдағы уақытта тұрғындарға қолайлы болу үшін тағы бір мобильді қосымшаны іске қоспақ.

Айта кетейік, қазір 180 мыңнан астам тұрғын «Смарт қала» картасын қоладанады. Оның 80 мыңы жеңілдетілген санаттағыларға тиесілі.

Оқи отырыңыз...

В Атырау пресечена попытка переброса наркотиков при помощи дрона на территорию режимного учреждения

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯДА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА ҚАЛҒАН ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ