Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне басшы тағайындалды.

Аталған департаментке енді Әлия Бекешева жетекшілік етпек. Әлия Бекешева 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген.  Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін 1995 жылы «гигиенист — эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын сол жылы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастады.

1995-2013 жылдар аралығында Атырау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында түрлі лауазымдарда, дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2013 — 2021 жылдар аралығында Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметінде болды. 2021 жылдан күні бүгінге дейін аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз...

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАҒЫТ: РЕСЕЙ 2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЖЕТКІЗУ КӨЛЕМІН ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

АТЫРАУДАҒЫ №30 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҒИМАРАТЫ БҰЗЫЛАДЫ

«ЛУКОЙЛ» ШЕТЕЛДІК АКТИВТЕРІН CARLYLE ТОБЫНА САТТЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ?