Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚҚА ЖАҢА АППАРАТ БЕРІЛДІ

Атырау облыстық перинаталды орталығы жаңа құрылғымен, яғни, наркозды-дем алу аппаратымен толықты. Бұл қоғамдық қорлардың бірінің сыйлығы. Аппараттың бір өзі бірнеше міндетті атқара алады. Соның арқасында ота жасау кезінде дәрігерлердің жұмысы біраз жеңілдейтін көрінеді. Заманауи жабдық қауіпсіздік жағынан барынша жетілдірілген және сыртқы пішіні өте ыңғайлы. Ал, бірегейлігі сол — науқасқа ота жасау кезінде оның ағзасында болып жатқан процесстерді бақылауға және қандай да болмасын өзгерістер туындаған кезде оған жедел әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Жалпы перинаталдық орталықтың жан сақтау бөлімшесінде тәулігіне жоспарлы түрде 3-4 ота жасалатындығын айта кетейік.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда жемқорлардың жария реестері жасалуы мүмкін

ИНДЕРБОР КЕНТІНДЕ ЖАЙЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ТӨМЕН ТҮСІП КЕЛЕ ЖАТЫР

«ШАРТТЫ ЖАЗАНЫ ҚАБЫЛДАМАЙМЫН»: АЛМАТЫДА ҮШ АДАМДЫ ҚАҚҚАН ZEEKR ЖҮРГІЗУШІСІ СОТТА ЖАУАП БЕРДІ