Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда екі жаңа тәжірибе қолданысқа енгізілмек. Біріншіден, енді пара алуға ауызша не жазбаша келісім берудің өзі парақорлыққа жатқызылатын болса, екіншіден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында жемқорлардың тізімі жарияланып тұрады.Мұндай ұсыныстарды «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Мәжіліске ұсынатыны туралы хабарлады.
