Биыл ҰБТ-да айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бірақ сәл де болса жаңашылдық бар. Оны ауданға іс сапармен келген Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев оқушылар мен ұстаздарға түсіндірді. Биылғы тестілеуде оқу сауаттылығы пәні бойынша сұрақтардың саны қысқартылған. Яғни, 3 мәтін 15 сұрақ. Ал қысқартылған бес сұрақ Қазақстан тарихы пәніне қосылған. Осылайша түлектер биыл Қазақстан тарихы пәнінен 15 емес, 20 сұраққа жауап береді. Сондай-ақ, бұрын 1 сұрақта 5 жауап болса, биыл азайтылып 4 жауап нұсқасы бекітілген. Ал бейіндік пәндерде 6 жауап нұсқасы және 1 немесе 3 дұрыс жауап болады.
Толығырақ сілтемеде
