Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ҚОРДЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСЫ

Елбасы тапсырмасына сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Мұны жүзеге асыру үшін өткен жылдың шілдесінен бастап барлық өңірлерде арнайы қор құрылып, жұмыс жасай бастаған еді. Оның Атырау облыстық филиалы өңірдегі 60-тан астам медициналық орталықпен байланыс орнатып үлгерді. Оның 37-і мемлекеттік болса, қалған 22-і жеке меншік медициналық ұйымдар көрінеді.

Айта кетейік, сақтандырудың мұндай түрін енгізе отырып, мемлекет өзіне біршама міндет алады. Яғни, барлық азаматтар үшін медициналық көмектің шағын базалық пакетін ұсынылады. Одан өзге экономикалық белсенділігі жоқ тұрғындар үшін жарна төлейді. Мұндай көмек балалар мен қарттарға, көп балалы аналарға, жүкті әйелдер мен жұмыс істемейтін мүгедектерге көрсетіледі.

Оқи отырыңыз...

САРАЙШЫҚ СУСЫЗ ОТЫР

КОНЦЕРТ ДЛЯ ОБИТАТЕЛЕЙ ДОМА ПРЕСТАРЕЛЫХ ПРОВЕЛИ В АТЫРАУ

АТЫРАУДА I PETROPROCUREMENT-2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ