Caspian News, 30 шілде. 2027 жылы Қонаев қаласы F1H2O су-моторлы спортынан өтетін әлем чемпионатының кезеңін қабылдауы мүмкін. Турнир ұйымдастырушылары Алматы облысына арнайы келіп, өңір әкімдігімен тиісті келісімге қол қойды.
Егер жоба сәтті жүзеге асса, Қазақстан F1H2O әлем чемпионатын қабылдайтын алтыншы мемлекет атанады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, бұл айтулы жарысқа кемінде 5 мың шетелдік қонақ келеді, ал онлайн трансляцияны бүкіл әлем бойынша миллиардқа жуық көрермен тамашалай алады. Халықаралық турнирді жоғары деңгейде өткізу үшін Қапшағай су қоймасында заманауи инфрақұрылым, соның ішінде VIP-аймақтар, жарысты басқару орталығы, командалар орналасатын алаңдар мен медиаорталық салу жоспарланып отыр. Көрермендер үшін демалыс аймақтары ұйымдастырылып, қазақ мәдениеті мен ұлттық тағамдары таныстырылады, ал чемпионат әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізу өңірдің дамуына серпін беретінін атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, халықаралық турнирлер туристерді тартып, экономикаға жаңа мүмкіндіктер ашатындықтан, облыс бұл жобаны бірлесе жүзеге асыруға толық дайын.
