Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласындағы жаңалықтар

КҚК ТЕҢІЗ ТЕРМИНАЛЫНДА ТАНКЕРЛЕРГЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

Caspian News, 30 шілде. 2026 жылғы 30 шілдеде Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) ВПУ-3 қалқымалы айлақ құрылғысында мұнай тиеп жатқан «NISSOS SIFNOS» танкері мен терминалға жақындап келген «MARATHI» кемесі ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) шабуылына ұшырады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Соққы Маршалл аралдары туы астындағы және «Теңізшевройл» ЖШС-нің мұнайын тасымалдайтын «NISSOS SIFNOS» танкерінің жүк палубасындағы мұнай қабылдау манифольдтары аймағына тиіп, салдарынан өрт шыққан. Танкер экипажы мен КҚК-ның үш көмекші кемесінің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан КҚК мен мердігер мекеме қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ, экипаж эвакуацияны талап еткен жоқ. Ең бастысы, мұнайдың теңіз акваториясына төгілуіне жол берілген жоқ, кеменің жүзу қабілеті сақталған.

Сонымен қатар, КҚК Теңіз терминалына мұнай тиеуге бара жатқан Мэн аралы туы астындағы «MARATHI» танкері де терминалдан 6 теңіз милі қашықтықта, аумақтық суларда шабуылға ұшыраған. Қазіргі уақытта келтірілген зақым көлемін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға байланысты мұнай тиеу процесі уақытша тоқтатылғанымен, консорциум мұнай құбырының өзге де нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз...

ЕУРООДАҚ РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ 20-СЫНШЫ САНКЦИЯЛАР ПАКЕТІН ҚАБЫЛДАЙ АЛМАДЫ

Атыраулық жастардың туған күн иесін ерекше тәсілмен құттықтаған

АТЫРАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 27 ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫ БОЛДЫ