Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Қайсар Абдалиев «Атырау» ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында дәрігер мен науқас арасындағы қарым қатынас, тегін дәрі-дәрмек, білікті мамандардың жетіспеушілігі секілді мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, тұрғындар осындағы медициналық қызметтің сапасына шағым айтты. Фарида Бекмағанбетованың жағдайы соған дәлел. Ол отбасылық-дәрігерлік амбулаториядағы стаматолог маманға тісін жұлдыртқан. Ақыры есінен танып, ота үстелінен бір-ақ шығыпты.
Толығырақ сілтемеде
