Ақтауда мейрамханаға ауызашарға барған дәрігерлер уланып қалды. Ауруханаға келген 50-ден астам адамның 16-сы жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Барлығының дене қызуы көтеріліп, іші өткен. Құсқан. Емдеуші дәрігерлердің сөзінше, науқастарға қажетті көмек көрсетіліп, бактериологиялық сынама алынған. Болжамды диагноз – жіті жұқпалы инфекция және орта дәрежелі жіті гастроэнтерит.
Толығырақ сілтемеде
