Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

НАУҚАН ЖҮРІП ЖАТЫР

Атырау облысында күзгі балық аулау науқаны ойдағыдай жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері Каспий теңізінен мың жарым тоннадан астам балық ауланып, мемлекетке 62 миллион теңге шамасында пайда түскен. Ал, Жайық өзенінен жалпы сомасы 21 миллион теңге болатын 950 тоннаға жуық балық ауланыпты. Дегенмен, бұл саладағы проблема да аз емес. Солардың бірі – ауланатын балық соңғы жылдары тым азайып кеткен көрінеді.

Сансызбай ӘЖІҒАЛИЕВ, балықшы:

— Теңіздің тамағында өзектер көп, көп жылдан бері қазылмай қалды. Өзек қазылу керек, Жайыққа да күтім керек.

Науқан кезінде ау-тордағы балықтың талан-таражға түспей, лимиттің сақталуын Дамбы балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері бақылайды. Олар мұндай шараларды жылына екі рет өткізетін көрінеді.

 

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

ЖАПОНИЯНЫҢ «ТЕМІР ХАНЫМЫ» ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ: ЕЛДІ АЛҒАШ РЕТ ӘЙЕЛ АДАМ БАСҚАРАДЫ

АМӨЗ ЭМИССИЯЛАР МОНИТОРИНГІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСТЫ