Caspian News, 10 тамыз. Астаналық Лашын Жанарбек Моңғолияның ең биік нүктесі — Алтай Таван Богд тау жүйесіндегі Хүйтэн шыңын (4 374 м) бағындырып, Қазақстанның көк туын желбіретті.
Моңғолияға еңбек демалысын отбасымен өткізуге барған Лашын үшін бұл сапар ерекше альпинистік сынаққа айналды.
🧗♂️ 15 сағаттық рекордтық өрлеу
Кәсіби альпинист ағасы Нұрбек Жанарбектің ұсынысымен ол 15 жастағы інісін де қатарына қосып, үш ағайынды бірге Хүйтэн шыңына бағыт алған.
-
Рекордтық уақыт: Мәңгі мұздықтармен көмкерілген шыңға көтеріліп, қайта түсуге ағайындылар басы-қасы 15 сағат уақыт жұмсаған. Бұл – олардың отбасылық жеке рекорды.
-
Сәтті сәт: Ауа райының өте қолайлы болуы мен ұйымшылдықтың арқасында олар аралық кемптерге қонбай, шыңды бірден бағындырған.
Лашын ЖАНАРБЕК: «Әдетте Хүйтэн шыңына шығу үшін 2–3 күн уақыт бөліп, жол бойындағы кемптерге қонатынбыз. Бұл жолы ауа райының қолайлы болуы және үшеуіміздің бірлесіп әрекет етуіміздің арқасында кемптерге тоқтамай, бірден шыңға көтеріліп, қайта түстік».
