Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«ҰМАЙ» ИПОТЕКАСЫ НЕГЕ КЕШІГІП ЖАТЫР?

Caspian News, 12 тамыз. «Отбасы» банкі әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасын тамызда қайта іске қосуды жоспарлағанымен, бағдарламаны бастау сәл кешігіп жатыр. Үкіметте өткен брифингте «Отбасы» банкінің басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова бұл мәселеге қатысты түсініктеме беріп, бағдарлама шамамен екі аптадан кейін (тамыздың аяғына дейін) қайта басталатынын айтты.

«Азия даму банкінен берілетін ақшаның сомасын білеміз. Бұл – біздің бірлескен жобамыз. Қазіргі кезде барлығы дайын тұр. Меніңше, бұл бағдарлама екі аптадан кейін басталады» — Ләззат ИБРАГИМОВА, «Отбасы» банкінің басқарма басшысы

🌸 «Ұмай» бағдарламасының негізгі шарттары

«Ұмай» — Азия даму банкімен бірлесе жүзеге асырылатын, әйелдердің баспаналы болуына бағытталған жоба. Бұған дейін бағдарлама арқылы 3 660 әйел баспаналы болған.

  • Ең жоғары несие сомасы: 50 миллион теңгеге дейін.

  • Бастапқы жарна: 15–20%.

  • Бастапқы мөлшерлеме: 14,4%-дан басталады.

  • Жеңілдетілген мөлшерлеме: Несие сомасының 50%-ы жиналғаннан кейін мөлшерлеме 3,5–5%-ға дейін төмендейді.

  • Тұрғын үй таңдау: Баспананы бастапқы (жаңа) да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады.

  • Жөндеуге арналған несие: Үйді жөндеу жұмыстарына ең жоғары сомасы 15 миллион теңгеге дейін қарыз қарастырылған.

🌿 «Жасыл ипотека» бағдарламасы

Энергия үнемдейтін және экологиялық талаптарға сай тұрғын үй алғысы келетіндер үшін «Жасыл ипотека» бағдарламасы да өз жұмысын жалғастырады.

  • 2026 жылғы қаржыландыру: Жалпы бөлінген 90 млрд теңженің 45 млрд теңгесі — «Ұмайға», ал 45 млрд теңгесі — «Жасыл ипотекаға» бағытталған.

  • Бастапқы жарна: 20% (Тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін — 15%). Жарна көлемі 20%-ға жеткенде Баспана маркет платформасы арқылы пәтер таңдауға болады.

  • Ең жоғары несие сомасы: 50 миллион теңгеге дейін.

  • Паыздық мөлшерлеме: 12,5% (Жинақ көлемі 50%-ға жеткен жағдайда 3,5–5%-ға дейін төмендейді).

Екі бағдарлама да еліміздегі мыңдаған азаматтардың баспана мәселесін тиімді әрі жеңілдетілген шарттармен шешуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз...

КҮКІРТТІ СУТЕГІНІҢ 20 ЕСЕ АСҚАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

КАЗАХСТАНЦЫ СМОГУТ ОФОРМИТЬ УДОСТОВЕРЕНИЕ ЛИЧНОСТИ И ПАСПОРТ ОНЛАЙН

🚉🚉НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ АТЫРАУ МЕН МАҢҒЫСТАУДАН ЖҮРЕТІН ПОЙЫЗДАРҒА ҚОСЫМША ВАГОН ТІРКЕЛЕДІ