Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Маңғыстаудағы ереуілшілердің бірі ауруханаға түсті

Маңғыстауда 11 желтоқсаннан бері ереуілдеп жатқан West oil компаниясы жұмысшыларының бірінің денсаулығы нашарлап, ауруханаға түсті. Ереуілшілердің бірі Қонысбай Өтеповті 21 желтоқсанда кешке қарай жедел жәрдем көлігі әкеткен. Ауруханада оған система қойылған.

«Бір өлім аузынан қалдым, қан қысымым түсіп кетті. 50 ма, 60 па болды. Система қойды. Кеудем қысып ауырғанда жаным көзіме көрінді» деді Өтепов 21 желтоқсандағы аудиосында.

Наразылардың айтуынша, Жетібайда жағдай өзгермеген. Тағы бір адамның қан қысымы көтеріліпті. Жұмысшыда жөтел пайда болып, ауруханаға өзі барған. Ол қазір үйінде емделіп жатыр, деді ереуілшілердің бірі.

Мұнайшылар талап орындалғанша тұра беретінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

АМӨЗ БЕН ПМХЗ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕ ҚАЛУЫ МҮМКІН: ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНУДА

АҚТАУДА ПЕРИНАТАЛДЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТЕСТІЛЕУ ТӨРТ РЕТ ӨТЕДІ