Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Құлсарыда енесі күйеу баласын пышақтап өлтірген

 Атырау облысы ПД хабарлауынша, 20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында 37 жастағы әйел адам азаматтық некедегі жолдасының ішінен анасы ас үй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 57 жастағы әйел адамның 27 жастағы күйеу баласын ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады.  Жарақат салдарынан ер адам қаза тапқан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Бұл жанұяда бұрын да отбасылық жанжал болып, марқұмның қаңтар мен сәуір айларында 2 мәрте әкімшілік қамауда болғаны анықталды.

Оқи отырыңыз...

«АМӨЗ» ЖШС «ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШІ» ЖОБАСЫН БАСТАДЫ

АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 11.04.2022

КАЗАХСТАН И ЛИТВА ГОТОВЫ К УВЕЛИЧЕНИЮ ОБЪЕМА ГРУЗОПЕРЕВОЗОК