Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МҰНАЙ ҰҢҒЫМАСЫНДАҒЫ ӨРТ ӘЛІ СӨНЕР ЕМЕС

Маңғыстаудағы «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай кен орнындағы ұңғымадан шыққан өрт әлі басылар емес. Осы жағдайға байланысты өңір басшысы Нұрлан Ноғаев шұғыл жиын өткізді. Жиынға ҚР энергетика вице-министрі, құтқарушылар, «ҚазМұнайГаз», және «Бозащы » компаниясының өкілдері қатысты. Олар жалынды сөндірудің түрлі нұсқасын айтты. «Бозащы Мұнай» ЖШС бас геологы ұңғыманың айналасында пайда болған шұңқырды арнайы ауыр ерітіндімен толтыруды немесе газ қысымын төмендету үшін қосымша ұңғыма қазуды ұсынды. Сондай-ақ газ қысымының төмендеуіне байланысты өрт өздігінен сөнеді деген де пікірлер айтылды. Алайда мұны көпшілік қолдамады.
Толығырақ https://fb.watch/laQtEgUJnO/

Оқи отырыңыз...

БОТА ПАЛУАНДАРДЫҢ БӘЙГЕСІ

ОРАЛДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ: «ЗЕНИТ» ЗАУЫТЫНЫҢ БІРЕГЕЙ КЕМЕСІ МЕН АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ATYRAU OIL & GAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ