Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Құлсары-Теңіз тас жолындағы жол-көлік апатынан бес адам ажал құшты (видео)

Құлсары-Теңіз тас жолындағы жол-көлік апатынан бес адам ажал құшты. Жантүршігерлік оқиға таңғы алты шамасында болған. Бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан «Лада 21310» мен «Cheverolet Aveo» автокөліктері соғысып, екі жүргізуші мен үш жолаушы сол жерде мерт болды. Бір адам аман қалды. Қаза тапқандардың кім екені әлі белгісіз, бейресми деректерге сәйкес, олар вахталық жұмыстарына бара жатқан Құлсары қаласының тұрғындары. Қазір бұл іс бойынша Қылмыстық Кодекстің «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама жүргізілуде.

Оқи отырыңыз...

80% ТЕПЛОСЕТЕЙ ИЗНОШЕНЫ В АКТАУ

Шахтадағы апат: Мерт болған кеншілердің жеке басын анықтау қиынға түсуде

ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ: ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА (видео)