Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ЭКС-БАС ДӘРІГЕРДІҢ ІСІ: СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ (видео)

Облыстың экс-бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Мәншүк Аймурзиева қылмыстық кодекстің «Салғырттық, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет» бабымен кінәлі деп танылып, оған 5 млн 50 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Одан бөлек, мемлекеттік медициналық мекемелерде 3 жылға дейін басшылық қызмет атқара алмайтын болды. Аймурзиева айыппұлды екі ай ішінде төлеуі тиіс.

Айта кетейік, денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына 2017 жылы тағайындалған Мәншүк Аймурзиева перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істен соң қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Арзу КАРАШ, Фархад ТАЖИБАЕВ Caspian news

Оқи отырыңыз...

20 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ (видео)

40 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХТАН – ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА: МАҚАТТА МҰСА БАЙМҰХАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ МЕРЕЙТОЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ