Caspian News, 14 тамыз. ҚР ҰҚК Шекара қызметі жасының жетуіне байланысты қызметін аяқтаған 7 неміс овчаркасын электрондық аукцион арқылы сатуға қойды.
Төрт аяқты қызметкерлер мемлекеттік мүлік тізілімі жүйесіндегі электрондық сауда алаңына орналастырылған.
🐾 Саудаға түскен иттер және бағалары
-
Павлодар облысы: 10 жастағы Матео есімді неміс овчаркасы аукционға шығарылды. Оның бастапқы бағасы — 935 теңге. Аукцион бағаны төмендету әдісі арқылы жүргізіледі.
-
Жамбыл облысы: Оңтүстік өңірден бірден 6 овчарка — Майк, Майло, Миг, Мэл, Мансур және Маис сатылымға қойылды. Олардың жалпы бастапқы құны — 11 552 теңге.
🗓️ Аукцион өтетін мерзім
Аукцион 2026 жылдың 18 тамызына белгіленген.
Айта кетейік, мұндай электрондық сауда-саттық осы жылдың қыс мезгілінде де ұйымдастырылған болатын. Қызмет мерзімі аяқталған шекарашы иттерді әдетте жергілікті тұрғындар, кинология орталықтары немесе бұрынғы үйретушілері (кинологтар) үй жануары ретінде сатып алады.
