Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ИСАТАЙ ӘКІМДІГІ АЛЫС АУЫЛДАРДАҒЫ КІТАПХАНАЛАРДЫ ЖӨНДЕУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

Көбіне орталықтан алыс ауылдық жердегі жалғыз мәдени ошақ кітапхана саналады. Соңғы уақытта олардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту қолға алына бастады. Қазір Исатай ауданы бойынша 18 кітапхана жұмыс жасап тұр. Оның 5-і шалғайда. Биыл аудан әкімшілігі Зинеден ауылдық округіне қарасты Амангелді елдімекеніндегі және Қамысқала ауылдық округіне қарасты Жасқайрат кітапханасын жәй жөндеуден өткізуді қолға алды. Соңғысына жергілікті бюджеттен 4 834 000 тг бөлініп, жұмыс басталып кеткен. Мердігер нысанның сыртқы қабырғалары мен шатырын, бөлмелерін қалыпқа келтіреді. Жөндеуден кейін ғимаратқа көгілдір отын, таза су беріледі және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

Атырауда қызылшаға қарсы екпе салу науқаны жалғасуда

AKTAU DIALOGUE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ АХУАЛ ТУРАЛЫ АЙТТЫ