Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

AKTAU DIALOGUE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Маңғыстау облысында жасыл сутегі зауытының жобасы әзірленіп жатыр. Қазір мамандар заманауи технологияларды қарастыруда. Өндіріс технологиясы нақтыланған соң, оған ғылыми тұрғыда баға берілмек. Осы мақсатта Ақтауда еліміздің және неміс ғалымдары бас қосып, жасыл сутегі өндірудегі әлемдік тәжірибе мен озық технологияларды талқылады.AKTAU DIALOGUE-тің мақсаты – жасыл сутегі саласындағы әлемдік сарапшылар арасында білім, тәжірибе және озық технологиялар алмасуға жәрдемдесу. Сондай-ақ энергетика секторын тұрақты дамыту үшін инновациялық тәсілдерді іздеу. Жасыл сутегі өндіретін әлемдегі ең ірі 5 зауыттың бірі – Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданы аумағында салынады. Кәсіпорын жел мен күн энергиясын пайдаланып, жылына 2 миллион тоннаға дейін сутегі өндірмек. Жоба 2030-жылы іске қосылады деп жоспарланған. Кәсіпорынға маман дайындау әлдеқашан басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтау университеті жанынан «Қазақ-неміс тұрақты инженерия» институты құрылып, қазір 30 студент білім алып жатыр. Зауыт ашылғанша, бір мың инженер дайындалмақ.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 16.05.2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗЫ 31,9 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

АТЫРАУДА ӘЙЕЛІН ҚЫЗЫНЫҢ КӨЗ АЛДЫНДА АЯУСЫЗ ӨЛТІРГЕН 63 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН 15 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ