Атырау, Caspian News.
Атырауда ерекше балаларға арналған «Венера» инклюзивті шеберханасы ашылды. Бұл шеберхана түйсіну қабілеті мен сезімталдығы, сондай-ақ тірек-қимыл жүйесі бұзылған, интеллектуалды дамуында ақауы бар, Даун синдромына, аутизм дертіне шалдыққан балаларды оңалтуға арналған. Жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайтын ғимарат 20-25 балаға шақталыпты. «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының директоры, жобаны үйлестіруші Гүлбарам Ермұханованың ұлы аутизм дертіне шалдыққан. Ерекше бала өсіріп отырған ол аналар атынан шеберхана ашуға қолдау көрсеткен көпшілікке алғысымыз шексіз дейді.
