Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРІМ КҮНІ

3 қараша — халықаралық мейірім күні. Бүгін қайырымдылық жасайтын адамдар да, топтар да баршылық. Солардың бірі «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының негізін салушы Әйгерім Досқалиева. Қазір ол облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығында директор қызметін атқарады. Ал, осыдан бес жыл бұрын достарымен бірге көше мен сауда орталықтарында шар сатып, ота жасатуға мұқтаж балаға ақша жинаған. Кейін еріктілер саны көбейіп, жұмыстың ауқымы артып, жиналатын қаржы-қаражат көбейген. Тіпті, бір күнде миллион теңгеге дейін ақша жинаған күн болғанын айтады, Әйгерім. Бастапқы уақытта еріктілер есебінде жұмыс жасаған топ, кейін қоғамдық қорға айналған. Осы уақытқа дейін бірлестік 40 милиион теңгеден астам қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған.

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорда қазір облыс бойынша отызға жуық ерікті бар. Сондай-ақ, елімізде бірлестіктің бірнеше филиалы жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік осал топтағы жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды, көпбалалы аналарды 13 түрлі мамандық бойынша тегін оқыту курстарымен қамтамасыз ететін «Білім ал» жобасы бар. Ал жыл соңына қарай «Венера» жобасы аясында инклюзивтік шеберхананы ашу жоспарланған.

 

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСТІ

Мектеп ашылады, бірақ маман жоқ

CNTV

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКС-ӘКІМІ ҮКІМЕТТЕН КӨМЕК СҰРАДЫ