Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА 1-ШІЛДЕДЕН БАСТАП «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бірінші шілдеден бастап Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының жолдары мен қоғамдық орындарында «Сергек» камералары іске қосылады. Қазір 1138 камера орнатылған. Оның 638-і Ақтауда, 500і Мұнайлыда. Орнатылған камералардың 800-ге жуығы жол, 400-ден астамы қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қадағалайды. Бейнебақылау деректері 30 күн сақталмақ. Полицейлердің айтуынша, «Сергек» камералары жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, тоқтау сызығын және қос жолақты басу секілді деректерді тіркейді. Ақылды құрылғы 150-200 метр қашықтыққа дейінгі жерді түсіреді. Камера құқық бұзушылықты анықтаса, айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді.
Толығырақ  https://fb.watch/lg4eYY3Io8/

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда үш банк бірігетін болды

СОТ БАСТАЛДЫ

АРДАГЕР ВЕЛОСАЯХАТШЫ 2 АЙДА ҚАЗАҚСТАНДЫ АРАЛАП ШЫҚПАҚ