Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтарТуризм

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ӨЗБЕКСТАНҒА ЕҢ КӨП БАРҒАН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ

Caspian News, 14 тамыз. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстанға 7,7 миллионнан астам шетел азаматы туристік мақсатпен саяхаттаған.

Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 миллион адамға немесе 22,6%-ға артық.

📊 Шетелдік туристер қай елдерден келді?

Өзбекстанға келген саяхатшылардың басым бөлігі көршілес елдердің үлесіне тиесілі. Өзбекстанға барған әрбір төртінші турист — Қазақстан азаматы.

Үздік 10 елдің көрсеткіші:

  • 🇰🇬 Қырғызстан — 2,17 млн адам (көшбасшы)

  • 🇰🇿 Қазақстан — 1,85 млн адам (2-орын)

  • 🇹🇯 Тәжікстан — 1,72 млн адам (3-орын)

  • 🇷🇺 Ресей — 710,8 мың адам

  • 🇦🇫 Ауғанстан — 281,2 мың адам

  • 🇨🇳 Қытай — 269,7 мың адам

  • 🇹🇲 Түрікменстан — 192,8 мың адам

  • 🇹🇷 Түркия — 111,9 мың адам

  • 🇮🇳 Үндістан — 32,4 мың адам

  • 🇰🇷 Оңтүстік Корея — 26,5 мың адам

Оқи отырыңыз...

ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ

РЕФЕРЕНДУМ — 2026

АТЫРАУДА АТА-АНА БАЛАҒА ЖӘБІР КӨРСЕТКЕН ҰСТАЗДАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТА АЛМАЙ ЖҮР