Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

«АРНАУЛЫ АВТОБАЗАНЫҢ» БҰРЫНҒЫ БАСШЫЛАРЫ СОТТАЛДЫ (видео)

Атырау, Caspian News.

«Арнаулы автобаза» мекемесінің бұрынғы басшылары абақтыға аттанды. Экс-директор Самат Тұрниязов пен оның орынбасары Асқар Қалдыбаев 5 жылға сотталса, бұларға қарсы куәлік еткен Артур Сұлтанов 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Ал мердігер компанияның басшысы — Самат Тұрниязовтың ұлы Ербол Қуаныш кінәсыз деп танылып, сот залынан ақталып шықты. Ескерте кетейік, тергеу орындары бұларға «бөтеннің мүлкін талан-таражға салды», «қызмет бабын теріс пайдаланды» және «қызметтік жалғандық жасады» деп айып таққан еді.Оларға сенсек, бұлар мемлекеттің 70 млн. теңгеге жуық қаржысын жымқырған-мыс. Сотталушылардың айтуынша, ұлттық бюроның қызметкерлері бұларға қатысты қылмыстық істі тек бір куәгердің айтуынша қозғап, көптеген маңызды деген мәліметтерді көзден таса қалдырған. Және тергеу кезінде қысым көрсеткен.

Оқи отырыңыз...

К ВОПРОСУ СОХРАНЕНИЯ КАСПИЯ ПЛАНИРУЕТСЯ ПРИВЛЕЧЬ РЕСУРСЫ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА И МОЛОДЕЖИ

Қаңғыбас ит-мысықтар зарарсыздандырылып, піштіріледі

CNTV

ЖЕНЩИНА ПОКОНЧИЛА ЖИЗНЬ САМОУБИЙСТВОМ