Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АЛДА – АМАЛ МЕРЕКЕСІ

14 наурыз көрісу күні немесе Амал мерекесі. Бұл күнді жерлестеріміз биыл ерекше дайындықпен атап өтпекші.

Яғни, қаламызда бірнеше шара ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, 13-наурызда ұлттық өнерді ұлықтап жүрген бата берушілердің арасында республикалық сайыс ұйымдастырылуда. Өтетін орны Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы. Наурыз айының 14-і күні облыстық әкімдіктің алдындағы Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда «Көрісу Fest” фестивалі басталмақ. «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын бағдарлама аясында өтетін халықаралық фестивальда суретшілердің туындылары, ұлттық сусындар мен тағамдардың және облыстық мұражайдағы ұлттық нақыштағы бұйымдардың көрмесін өткізу де жоспарланып отыр. Оның соңы «Жастар жарыса көрісіп қауышады» атты жастар сайысына және әдеби-музыкалық театрландырылған қойылымға ұласпақ.

Оқи отырыңыз...

«ЖАСТАР ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

ДЕНЬ ЕДИНСТВА НАРОДА КАЗАХСТАНА В МАНГИСТАУ ПРОЙДЕТ В УПРОЩЕННОМ ФОРМАТЕ

АҚПАРАТ ҮШІН АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ АЛЫҢЫЗ