Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Ақтау-Жаңаөзен тасжолында 4 көлік соқтығысып қалды

Ақтау-Жаңаөзен тасжолында төрт автокөлік соқтығысып, бір жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 26 қазан күні сағат 14:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 43 шақырымында болған. «КамАЗ», Volkswagen Sharan, Lada және «ГАЗ 330253» маркалы төрт көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты.
«Жол апаты салдарынан Lada маркалы автокөліктің 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Жараланған төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу кезінде жарияланбайды.

Оқи отырыңыз...

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨМЕК СҰРАП ОТЫР

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ АРЫСТАНБЕК КЕНЖЕНІҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

НАРЫҚТАР РЕКОРДЫ: ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ШИЕЛЕНІСТІҢ БӘСЕҢДЕУІ АКЦИЯЛАРДЫ ӨСІРДІ