Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Атырауда заңсыз пәтер жалға берушілер анықталды (видео)

Атырау қаласында жыл басынан бері пәтерді тәулігіне жалға беретін небары 5 жеке кәсіпкер ресми орындарда тіркелген. Бұл – қалалық әкімдік өткізген жалға беру бизнесімен айналысатын, бірақ еш жерде тіркелмеген салық төлеушілерді анықтауды мақсат еткен рейд кезінде белгілі болды. Оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, салық бөлімінің, мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары қатысты. Сондай-ақ, рейдке ат салысқан пәтер иелері кооперативтері өкілдерінің айтуынша, өздеріне қарасты тұрғын үйлердегі пәтерлердің басым бөлігі жалға беріледі. Бірақ, қожайындары бұл туралы ПИК-терге тіс жармайтын көрінеді. Сондықтан, олардың қаншасының тиісті органдарда тіркеліп, салық төлеп отырғандығы белгісіз.

Оқи отырыңыз...

Тоқтап қалған лифтіден шықпақшы болған атыраулық қыз шахтаға құлаған

ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНДА ЕРДОҒАНДЫ ҚАРСЫ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ