Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженерін қызметінен босату туралы шешім қабылданды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комиссиясы жұмысының нәтижесі бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғ.Жусанбаев және бас директордың орынбасары – бас инженер А.Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды.

Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады.

Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз...

Төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлерінің жалақысы артады

ҚМГ мұнай-газ химиясы жобаларын жүзеге асыруда қазақстандық өндірушілерді қолдауды күшейтуде

ИСАТАЙЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАП АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ