Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

Облыс аумағында ауа-райының күрт бұзылып, көктайғақ болуына байланысты қаладан шығар жолдар уақытша жабылды. Дегенмен, тәуекелге бел буып, «Атырау-Ақтөбе-Астрахань», «Атырау-Ақтау», «Атырау-Орал» бағыттары бойынша алыс жолға шықпақ болғандарды жол полицейлері кері қайтаруда.

Таң атысымен «Арнаулы автобаза» мекемесінің қызметкерлері де қызу жұмысқа кірісіп кетті. Қала ішін мұздан тазалауға 200-ге тарта жұмысшы мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған. Қазірге дейін жолдарға 430 текше метр тұз аралас су шашылып, 36 текше метр құм төселді.

Оқи отырыңыз...

БИЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС

АТЫРАУДА ГРАНД БАЛ ӨТТІ