Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпарат

ЖЕДЕЛСАТЫЛАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қаладағы Сатпаев және Момышұлы көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердегі 6 жеделсаты ауыстырылды. Ал, олардың үшеуі жақында пайдалануға берілмек. Баспасөз конференциясын өткізген Атырау қалалық тұрғын үй ипспекциясының басшысы Қайрат Хабиевтің айтуынша, жалпы, қаладағы 3 бірнеше қабатты тұрғын үй мен жеделсатыларды ауыстыру жұмыстарына 218 миллион теңге жұмсалыпты. Ал жаңартылған жеделсатыларды тұрғындардың өзі тексеріп, қабылдап алатын көрінеді.

Сондай-ақ, өткен жылы шахардағы тозығы жеткен үйлерді техникалық зерделеуден өткізу үшін 6 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тоғыз үйдің 8-і апатты деп танылған. Ал, биылғы жылы 21 үйдің жай-күйін анықтауға екі есе артық қаражат қарастырылыпты. Айта кетейік, қалада қазір 60-тан астам көпқабатты үй апатты жағдайда деп танылып отыр.

Оқи отырыңыз...

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІ АЛДАП СОҚҚАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ДҮҢГІРШЕКТЕРІ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

РЕСЕЙЛІК МИГРАНТТАР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА ТҰР

ЖЫЛЫОЙ ЖАСТАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАРДЫ ТЕГІН ИГЕРЕДІ