Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

«ЖАЙЫҚ ҚЫЗЫ» ЖАРАДЫ

Атырау, Caspian News.

Атыраулық өнерпаздар оңтүстік астанадан жүлдемен оралды. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің  «Жайық қызы» халықтық би ансамблі Алматы қаласында өткен  халықаралық «Рауан»  фестивалінен 4 гран примен оралды. 8 бен 15 жас аралығында өнер көрсеткен жеткіншектер 4 аталым бойынша бақ сынаған. Атап айтқанда: халық биі, эстрадалық, заманауи би және дуэт. Көршілес Өзбекстан, Ресей елдерінің өнерпаздары қатысқан байқауда мұнайлы шаһардың бишілеріне қазылар алқасы жоғары баға берген. Айта кетейік, «Жайық қызы»  халықтық би ансамблінің 50 жылдық тарихы бар. Олар осыған дейін де республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып жүр.

Оқи отырыңыз...

БАЛАЛАРҒА СЕРТИФИКАТ, БАЛМҰЗДАҚ ТАРАТТЫ

АҚТӨБЕДЕ ТҰРҒЫНДЫ БОПСАЛАП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛМАҚ БОЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Атырау қаласына арналған Ораза кестесі шықты