Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Балықтарды тексеру жұмыстары аяқталды

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Жайықтағы балықтардың жағдайын тексеру жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы «Caspian News» телеарнасы хабарлайды.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шара өзендегі тоғыз учаскеде қаңтар айының ортасынан бастап бір ай бойы жүргізілген еді. Торға түскен су маржандарын сараптамадан өткізу нәтижесінде олардың қабыршақтарына ешқандай зақым келмегендігі анықталыпты. Желбезектерінен де өзгеріс байқалмаған. Жалпы, көрсетілмен мерзім ішінде Жайық өзенінен 15 келі балық ауланыпты. Ал өлген балықтар мүлдем тіркелмеген көрінеді.

Оқи отырыңыз...

ШЕКАРАШЫЛАР СТУДЕНТТЕР ҮШІН «АШЫҚ ЕСІК КҮНІН» ӨТКІЗДІ

ЕУРООДАҚ «VK» ХОЛДИНГІ МЕН ЖАҢА «МАКС» МЕССЕНДЖЕРІНЕ ҚАТАҢ ШЕКТЕУ ҚОЙДЫ

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ СУ ТҰШЫТУ ЗАУЫТЫН ЖАҢҒЫРТУҒА 5,9 МЛРД.ТГ ҚАЖЕТ