Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ЖҰМЫСҚА ДЖИНСЫМЕН

Енді мемлекеттік қызметкерлердің жұма күні жұмысқа қалаған киіммен келуіне рұқсат етіледі. Мысалы, джинсы, түрлі-түсті жейде, спорттық костюм. Бұл мамандардың арасында емін-еркін қарым-қатынасты қалыптастыру үшін пайдалы, — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері.

Бұдан өзгедепартамент мамандары заңдылықты бұзып, қызметкерлерін шамадан тыс жұмысқа жеккен қала әкімдігіне қарасты бірнеше бөлімдерді анықтапты. Олар: қалалық сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуемттік бағдарламалар бөлімі. Аталған мемлекеттік мекемелер әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін жауапкершілікке тартылған.

Оқи отырыңыз...

ПРИНЯЛИ ПРИСЯГ

Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды

ПОВЫСИТЬ ЗАРПЛАТУ ТРЕБУЮТ СОТРУДНИКИ ЧАСТНОЙ КОМПАНИИ