Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«ӨЗЕН» КЕН ОРНЫНДА ЖҰМЫСШЫ ТОҚҚА ТҮСІП ҚАЗА ТАПТЫ

Маңғыстауда ер адам тоққа түсіп, қаза тапты. Қайғылы жағдай «Өзенмұнайгаз» АҚ-на қарасты «Өзен» кен орны аумағында жұмысшылар ұңғымаға күрделі жөндеу жасап жатқан кезде болған. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сенсек «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қызметкері бригада жұмысшылары тұратын вагонға баспалдақпен көтеріліп бара жатып тоққа түсіпті.

Алдын ала болжам бойынша сол маңдағы электр кабелі зақымданған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері жұмысшының қайтыс болғанын растады. Қазір осы дерекке байланысты комиссия құрылып, мемлекеттік еңбек инспекциясы мән-жайды анықтап жатыр.

Ал жұмыс беруші тарап қайтыс болған азаматтың отбасына материалдық көмек беретінін мәлімдеді.

 

Оқи отырыңыз...

ШИРОКОМАСШТАБНАЯ АКЦИЯ «БЕСПЛАТНАЯ ЮРИДИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ» СОСТОЯЛАСЬ В АКТАУ

КТК К НАПРАВЛЯЕТ 250 МЛН ТЕНГЕ НА ПРОТИВОПАВОДКОВЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ

БЕНИЛЮКС САУДА ПАЛАТАСЫ МАҢҒЫСТАУДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БІРҚАТАР ЖОБАНЫ БАСТАУҒА НИЕТТІ