Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН УАҚЫТТА ІШІМДІК САТАТЫН КӘСІПКЕР АЗАЙМАЙ ТҰР

 

Атырауда заңға бағынбай, ішімдік сататын кәсіпкер азаймай тұр. Биылдың өзінде 20-ға жуық азық-түлік дүкенінде осындай факт анықталған. Оның 14-інде алкоголь түнгі 11-ден кейін саудаланса, қалғанында 21 жасқа жетпегендерге сатылған. Облыстық әкімдікте өткен жиналыста полицейлер осылай деп мәлімдеді.

Алайда, анықталған бұл фактілер шағын кәсіпкерлерге ғана қатысты. Себебі, жанжалдың көпшілігі алкомаркет пен 24 сағат қызмет ететін мейрамханалардың алдында болады дейді мамандар.

Биылдың өзінде 28 қылмысты құқық бұзушылар мас күйінде жасаған, мейрамхана-кафелердің әкімшілері мен тұтынушылары  54 рет хабарласып, жанжал болып жатқанын айтқан. Полицейлер арақ ішудің салдарымен күресіп қана қоймай, адам басына шаққандағы ішімдікті тұтыну көлемін азайту үшін жұмыстану керек дейді.

Оқи отырыңыз...

ОЙЫН АЛАҢЫ ЕМЕС, ҚАТЕР КӨЗІ: АҚТӨБЕДЕ 10 ЖАСАР БАЛА ҮШКІР ТЕМІРГЕ ҚҰЛАП, АУЫР ЖАРАҚАТ АЛДЫ

ОБВИНЕНИЕ ПО ДЕЛУ ЯНЫ ЛЕГКОДИМОВОЙ УЖЕСТОЧЕНО

UPCOMING SUPERHERO MOVIE RELEASE

CNTV