Трамп билікке келгеннен кейін brent маркілі мұнайдың бағасы 1 пайызға түсіп кетті. Бұған Американың су жаңа 47-президентінің айтқан сөзі себеп болса керек. Ол инаугурация кезінде елдің стратегиялық қорын толықтырып, мұнай өндіру көлемін көбейтуге уәде берді, — деп хабарлайды тенгономика телеграм каналы. Трамп бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 3 миллион баррельге дейін арттырғысы кеп отыр. Бұл жерде АҚШ-тың онсыз да әлемдегі ең ірі энергоресурс өндіруші ел екенін ұмытпаған жөн. Ал АҚШ президенті мұнай өндірісін арттыру мақсатында мұнай компанияларының осы салаға көбірек инвестиция салуы үшін салық мөлшерін азайтпақ.
