Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ ТЕЗДЕТІЛДІ

Бұдан былай атыраулықтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып әлек болмайды. Мамандар бұның да оңай әдісін енгізді. Яғни, тұрғын үй иесінің өтінішімен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару онлайн түрде іске асырылады. Ол үшін егов.кз порталына тіркеліп, ондағы сілтемеге өту арқылы жылжымайтын мүліктің орналасқан жерін таңдап, келесі қызметтерді орындау жеткілікті.

«Жүйенің тиімділігі сол – жылжымайтын мүлік иесі тіркеуде тұрғандардың санын бақылап отыра алады. Ал тұрғылықты мекен-жай бойынша пәтерге тіркеуге тұру үйдің көлеміне қарай есептеледі және де адам саны шектелмейді» дейді ХҚКО мамандары.

Оқи отырыңыз...

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 3 КҮНДЕ 400-ден АСТАМ АДАМ ӨТІНІШ БЕРДІ

АҚТАУДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

ПРАЗДНИК В ЖЕНСКОЙ КОЛОНИИ