Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

Қаламыздағы көптеген кәсіпкерлік нысандарының атауы қазақша емес. Басым көпшілігінің маңдайшалары орыс және ағылшын тілдерінде жазылса, кейбіреулері өзім білемдікке салып, қазақша сөздерді бей-берекетсіз қысқартып, мән-мағынасыз атау қоя салған. Тіпті кейбір атаулардың әріптері түсіп, мүлдем өзге мағына беріп тұр. Бұл сыртқы көрнекілік ғана. Ал ішке кіріп ас мәзірін сұрайтын болсаңыз, аш қалып қоюуыңыз әбден мүмкін. Себебі барлығы өзге тілде жазылған. Бұл мәселе жөнінде Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімі бірнеше рет ескерту жасағанымен, оған ешкім құлақ аспапты. Тек бүгін 3 нысанға жүргізілген арнайы түсіндірме жұмыстарынан кейін олардың бірінің маңдайшасындағы ережеге сәйкес емес жазу алынып тасталды.

Оқи отырыңыз...

АУДАН ЖАСТАРЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ҚАЗАҚСТАН УРАНЫНЫҢ ТХКБ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛЫ ТҰРАҚТЫ — «ҚАЗАТОМПРОМ»

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ