Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Бүгін атыраулық тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге ерекше көмек көрсетті. Басқа уақыттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол бойында жүретін олар бұл жолы ертемен қан орталығын бетке алды.

Орталыққа келген полицейлердің ұзын саны — жүзден астам. Ал, олардан алынған қан көлемі небары 9 литр ғана. Өйткені, дәрігерлер жол сақшыларының небары жиырмасының ғана денсаулығын жарамды деп тауыпты.

Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, орталыққа күніне 60-қа жуық адам келеді. Және тұрақты түрде қан тапсырып тұратындардың да саны көбеюде. Сондықтан да болар, облыстағы қан жетіспеушілігі мәселесі шешімін тауыпты. Биылғы жылдың он айында орталыққа жеті мыңның үстінде адам келіп, бес мың астам адамнан қан алынған.

 

Оқи отырыңыз...

«НҰРЛЫ ЖЕР»: МЕМЛЕКЕТ ЖАЛҒА БЕРГЕН ҮЙЛЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕК

БАЙҚАУШЫЛАР МЕН СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ТҰР

Признают ли адайских лошадей отдельной породой: мнение экспертов