Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ТҮРМЕДЕГІ КӨРМЕ

Қаладағы әйелдер түрмесінде көрме ұйымдастырылды. Онда жазасын өтеп жатқан жандардың қолынан шыққан: тоқылған кілемше, нәрестелерге арналып тігілген және арнайы мақсаттағы киімдер, сондай-ақ, ағаштан, темірден  жасалған бұйымдар қойылды. Көрмеге жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері шақырылды. Мұндай шараны өткізудегі басты мақсат – сотталғандарды жұмыспен қамту және олардың жасаған дүниелеріне кәсіпкерлердің қызығушылығын тудыру арқылы тұтынушылардың санын арттыру болып табылады. Түрме әкімшілігінің айтуынша, бас бостандығынан айрылғандардың барлығы да жасаған жұмысы үшін еңбекақысын уақытылы алып отырады.

 

Оқи отырыңыз...

ЖИТЕЛИ АТЫРАУ ЖАЛУЮТСЯ НА ЗЛОВОНИЕ В ПОДЪЕЗДАХ

МАҢҒЫСТАУДА ТӨБЕЛЕСКЕН 2 ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛЫНДЫ

Атырауда оқу орталығын ашып, ата-аналарды алдап кеткен келіншек ұсталды